Ескелді аудандық кітапханасы

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Аудандық кітапхана 1946 жылы Қарабұлақ кентіндегі орыс мешітінің жанында кішкене бөлмеде ең алғаш өз оқырмандарын қабылдаған. Сол кездегі кітап қоры облыс және «қызыл отау» арқылы толықтырылып, кітап қоры 1500 дананы ғана құрады. Кітапхананың алғашқы директоры Н.Ким есімді ер адам болды. 1951 жылы жаңадан салынған пионерлер үйінің екінші қабатына орналасқан аудандық кітапхананың кітап қоры 10000 данаға жетіп, 1640 тұрақты оқырманға артты. 1975 жылдан орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесі құрылып, 36 кітапхана филиалы ашылды. Аудандық кітапхананың директорлары: 1949 жылы Зубкова Евдокия, 1965 жылы Рыбникова Евгения Анатольевна, 1972 жылы Шабалина Нина Никифоровна, 1975 жылы Рыбникова Евгения, 1983-1984 жж Ковалева Галина, 1992 жылы Бесбаева Динара. Ал 1993 жылдан бастап Мұқанова Гүлнар Жауынбайқызы директор қызмет атқарып келеді.

Кітапхананың мекен-жайы: Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Балпық би к-сі №55.  Мәдениет үйінде орналасқан.
Халық саны – 16192 eskeldi audandyk.jpg - 18.40 Kb
Салынған жылы – 1974
Ашылған жылы – 1946
Көлемі –  1046 ш.м.
Штат бірлігі – 15
Кітап қоры – 61939, оның  ішінде мемлекеттік тілде – 20295
Оқырмандар саны – 5641
Штат саны – 15
Қызметкерлер саны — 15, оның ішінде кітапханашылар –10
Интернет – 3
КАБИС – бар
Компьютер саны –  12, ноутбук — 1
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 98
Кафедра – жоқ
Каталог – 6
Үстел – 20
Орындық – 24
Күрделі жөндеу қажеттілігі – жоқ
Жылу жүйесі – сұйық отын
Автокөлік — жоқ
Кітапхана директоры — Мұқанова Гүлнар Жауынбайқызы